қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













20.02.2018

Мақтаарал ауданының қәзіргі экологиялық жағдайы

Ақпан айының 20-шы жұлдызында сағат 16:00-де "Химия және география" кафедрасына қарасты 5В011600 – "География" мамандығының "Оазис" үйірмесінің Биология ғимаратында № 8 дәріс залында "Мақтарал ауданының қазіргі экологиялық жағдайы" атты тақырыпта кезекті семинары болып өтті. Семинарды жүргізген "Оазис" үйірмесінің жетекшісі: ғ.м., оқытушы Б.Д. Исабеков және үйірме құрамындағы студенттер. Семинарға универсиетіміздің бірқатар оқытушылары да келіп қатысты. "Тіл таным" үйірмесінің жетекшісі: ғ.м., оқытушы Н.Сейлханова, "Интеграл" үйірмесінің жетекшісі: ғ.м., аға оқытушы Б.Саулебаев, "Химик-аналитик" үйірмесінің жетекшісі: ғ.м., оқытушы О.Қ. Кулумбетова, "Бағдарламашы" үйірмесінің жетекшісі: ғ.м., оқытушы Г.Салихова және "Өркен" үйірмесінің жетекшісі: ғ.м., оқытушы С.Абдуова қатысты.

Семинарда алғаш сөз алған университеттің ғылыми істер жөніндегі маманы Н.С. Аманбаев өзінің ойымен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар берді. Үйірме мүшелерінің белсенді студенті Ескендір Ақерке ауданымызда қазіргі таңда тазалыққа байланысты жүріп жатқан іс-шараларға байланысты баяндама жасады. Келген қонақтар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасулар болды. Семинарда "Химик-аналитик" үйірмесінің жетекшісі: ғ.м., оқытушы О.Қ. Кулумбетова сөз алып, қазіргі ауданымыздағы ауыз судың сапасын жақсартуға деген өзінің ойымен бөлісті. Үйірме жетекшісі ғ.м., оқытушы Б.Д.Исабеков ары қарай әлемде дамыған елдердегі озық тәжірибелерді мысалға келтіре отырып, соның кейбір элементтерін осы бір қаламызға енгізуді ұсынды.

Келген қонақтардан Н.Сейлханова, экологияның қазіргі таңдағы өте өзекті мәселе екеніне тоқтала келе, оны әр біріміз өзімізден бастау керектігін жеткізді. Сөзінің соңында қоршаған ортаны тазалау бұл өз санамызды тазалаудан басталатынын тілге тие кетті. Жалпы отырыс соңында қорытынды сөз кезегі университетіміздің Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, г.ғ.к., доцент А.Д. Тажековаға берілді. Қазіргі әлемдегі глобалді проблемалардың ішіне осы қоршаған ортаның ластануын да жатқызуымызға болатынын айта келе, бұл проблемаларды біз шеше алмағанымызбен оның алдын алуға бар күш жігерімізді салсақ, соның өзі үлес қосқанымыз болып саналады деп қысқаша ойын қорытындылады. Үйірме жетекшісі Б.Д. Исабеков соңында сөз алып, үйірме отырысына қатысқан оқытушылар мен студенттерге өз алғысын білдіріп, семинарды тәмамдады.



Басқа жаңалықтар

Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:     8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу