қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English











Университет құрылымы Ректорат Факультеттер Бөлімдер

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС


Абенова Ләззат Усманқызы
Ғылыми кеңестің ғалым хатшысы,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент




“Сырдария” университеті Ғылыми кеңесінің құрамы

"Сырдария" университеті Ғылыми кеңесінің 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары


Абенова Лаззат Усманқызы 1964 жылы 5 мамырда ОҚО Мақтаарал ауданы қазіргі Асықата кенті "Жетіқазына" ауылында дүниеге келген.
1979 жылы қазіргі "Сырдария" атындағы орта мектепті үздік бітірген.

1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1988 жылы бітірді. Еңбек жолын 1988 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтынан бастап, 1989 жылдан 1996 жылға дейін М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді.

2006-2009 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ "Филология факультеті", "Қазақ әдебиеті" кафедрасының ізденушісі; 2010 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 10.01.02-"қазақ әдебиеті" мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

1996 жылдан бері Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ ЖОО, 1998 жылдан "Сырдария" университетінде аға оқытушы, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының меңгерушісі, Ғылыми кеңес хатшысы ретінде еңбек етсе, 2010-2014 жылдар аралығында "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы, Жоғары ғылыми мектеп директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі кезде "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының доценті, Ғылыми кеңестің ғалым хатшысы қызметтерін атқаруда.

Марапаттары:
1. ОҚО "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының Құрмет грамотасы (2012);
2.ОҚО Мәслихатының Құрмет грамотасы (2013);
3."Сырдария" университетінің "Үздік оқытушысы" (2013);
4. Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы "Qurmet"-АВ қоғамдық қорының "Білім беру ісінің үздігі" медалімен марапатталды (2014);
5.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталды (2016).

Абенова Лаззат Усманқызы 15-тен астам магистранттарға жетекшілік етті.

Кәсіби білікті маман даярлауда, студенттердің рухани байлығы мен тәрбиелік мәдениеттілігін, ұлттық сезімін арттыруда көптеген игілікті істер мен ғылыми-зерттеу жұмысында жетістіктерге жетті. Түрлі байқауға дайындаған студенттері республикалық конкурстар мен жарыстарда жүлделі орындармен марапатталды: Д.Ширинова, Ұ.Фатуллаева, М.Додажанова 2014 жылы 28 мамырда Шымкент қаласында өткен Республикалық "Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілдегі Бауыржан оқулары" байқауында жүлделі ІІ орынды иеленді, халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған "Студенттік шақ-2016" фестивалінде Е.Ермекбай жүлделі ІІІ орынды иеленді, А.Аманжол ҚР ЖОО студенттерінің "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша VIII Республикалық пән олимпиадасының "Шабыт" номинациясы бойынша Құрмет грамотасының иегері. Тараз, 2016 жыл, Ә.Данияр "Қазақстан жастарының конгресі" заңды тұлғалар бірлестігі және "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен ұйымдастырылған "Жас Медиа" тұңғыш республикалық жас журналистерге арналған жоба аясындағы жүлденің Оңтүстік Қазақстан облысы лауреаты. Астана, 2017.

Ол - 50-ден аса ғылыми мақала, соның ішінде 1 монография, 4 оқу құралы және 2 электрондық оқыту құралдарының авторы. Бірнеше халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасады.

Ішкі Академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту мақсаты аясында Семей қаласындағы Қазақ инновациялық заң университетінде "Сәбиттану" саласы бойынша лекция оқып қайтты.

Шетелдерде: Англия (2015), Тәжікстан (2016) және Қазақстанда біліктілік арттыру курстарынан (2017, 2018, 2019) өтті.

Адрес: Жетісай қаласы, А.Қалыбеков тұйығы, №3



"Сырдария" университеті Ғылыми кеңесінің құрамы (2018-2019 оқу жылы)

Тегі, аты, әкесінің аты

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Қызметі

1

Сейлова Есенкүл

Доцент

Университет құрылтайшысы

2

Дайырбеков Серік Сансызбайұлы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Ғылыми кеңес төрағасы, университет ректоры

3

Абенова Ләззат Усманқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Ғалым хатшы

4

Әшіров Әбдімәлік Манапұлы

Техника ғылымдарының докторы, профессор

"Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасының профессоры

5

Мамраимов Серік Дәулетұлы

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Оқу істері жөніндегі проректор

6

Тоқмырзаев Бақыт Салманұлы

Философия докторы (PhD)

Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

7

Нұрбек Мұратбек Анарбайұлы

Философия докторы (PhD)

Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор

8

Кобланова Оңғаркүл Нұрмаханбетқызы

Химия ғылымдарының кандидаты, доцент

Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры

9

Тәжітаева Рая Сейілқызы

Саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент

Оқу-әдістемелік басқарма басшысы

10

Алтыбаева Айсұлу Абуталипқызы

Доцент

Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлімінің басшысы

11

Елшібаев Сәрсенбек Күлішұлы

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

"Сырттай және қашықтықтан оқыту" бөлімінің басшысы

12

Серіков Бегім

Экономика ғылымдарының докторы, профессор

"Құқық және экономика" кафедрасының меңгерушісі

13

Ахметов Құмар Нұрғалиұлы

Философия ғылымдарының докторы, профессор

"Құқық және экономика" кафедрасының профессоры

14

Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

"Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі

15

Бөрі Иса

ЖАК доценті

"Музыкалық білім" кафедрасының меңгерушісі

16

Оразбаев Әбдікәрім Кендірбайұлы

География ғылымдарының докторы, доцент міндетін атқарушы

"Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасының доцент міндетін атқарушы

17

Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

"Гуманитарлық білім" факультетінің деканы

18

Абдуразова Перизат Әділбекқызы

Философия докторы (PhD)

"Жаратылыстану және математика" факультетінің деканы

19

Сапарбаева Ұлданай Әлібекқызы

Доцент

"Өнер" факультетінің деканы

20

Мырзабек Лесбек

аға оқытушы

"Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің деканы

21

Жолдасов Сазахан Аманұлы

Техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

"Жоғары математика және физика" кафедрасының меңгерушісі

22

Апашева Сабира Нұрбайқызы

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

"Отан және шетел тарихы" кафедрасының меңгерушісі

23

Кукеев Жаңбырбай Самсаұлы

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

"Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының меңгерушісі

24

Абенова Лаззат Усмановна

доцент

"Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының меңгерушісі

25

Раеева Гүлсім Асқарқызы

Ғылым магистрі, аға оқытушы

Кітапхана меңгерушісі

26

Бектемис Мейірхан Мырзаханұлы

 

Жастар бөлімінің басшысы

27

Сатуов Бекболат Шазиллаұлы

 

Студенттік декан, қт-16 тобы, 2-курс









"Сырдария" университеті Ғылыми кеңесінің 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Қаралатын мәселелер

Өткізу мерзімі

Жауапты қызметкерлер

1- мәжіліс

1

Ғылыми кеңес құрамын бекіту

29 тамыз

Ғалым хатшы

2

Университеттің Стратегиялық даму жоспарының орындалу барысы және университет ұжымының осы оқу жылына арналған міндеттері

Ғылыми кеңес төрағасы

3

2018-2019 оқу жылына Ғылыми кеңестің, ректораттың, Оқу-әдістемелік кеңестің және тәрбие жұмыстарының жоспарларын бекіту

Проректорлар, сала бойынша басшылар

4

Жаңа оқу жылына университеттің материалдық-техникалық базасының дайындығы туралы

ШІЖ проректор

5

Университеттің 20 жылдық мерейтойына дайындық мәселесі

ОІЖ проректор

6

Әртүрлі мәселелер

Ғылыми кеңес төрағасы

2- мәжіліс

1

"Сырдария" университеті тәрбие жұмысының есебі мен алдағы міндеттері туралы

31 қазан

ТІӘМЖ проректор

2

СМЖ ішкі аудит нәтижелерін талдау

СМАМБ

3

3.1 ЖОО кейінгі білім беру бөлімінің қазіргі жағдайы мен даму бағыттары

3.2 2018-2019 оқу жылына магистранттардың диссертациялық жұмыстарының тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін, рецензенттерін бекіту

Бөлім басшысы

4

ЖОО дейінгі дайындық бөлімінің жұмыс барысы және даму бағыттары

Бөлім басшысы

5

Әртүрлі мәселелер

Ғылыми кеңес төрағасы

3-мәжіліс

1

1.1Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық есебі

1.2 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту

26 желтоқсан

ҒІХҚЖ проректор

2

"Гуманитарлық білім" факультетіндегі оқу, ғылым, тәрбие жұмыстарын тексеру қорытындысы және дамыту жолдары

Факультет деканы,

тексеру комиссиясы

3

Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы жұмысының барысы және алдағы міндеттері туралы

Ғылыми-зерттеу орталығының директоры

4

Университет қызметкерлері мен білім алушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі туралы

СМАМ бөлімі

5

Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы туралы

Ғалым хатшы

6

Әртүрлі мәселелер

Ғылыми кеңес төрағасы

4-мәжіліс

1

2018-2019 оқу жылының жартыжылдық есебі

16 қаңтар

ОІЖ проректор

2

Университеттің 2018-2019 оқу жылына жоспарланған кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспары мен міндеттері

Қабылдау комссиясының жауапты хатшысы

3

Білім алушылар мен профессор-оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру жұмыстары бойынша есебі және үйлестіру жолдары

Сала бойынша жауапты тұлға

4

Университеттің ақпараттық білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі

Кітапхана меңгерушісі

5

Әртүрлі мәселелер

Ғылыми кеңес төрағасы

5-мәжіліс

1

Жастар бөлімі жұмысының есебі және студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мәселелері

27 ақпан

Жастар комитеті

2

Компьютер орталығының қазіргі жағдайы мен IT технология, цифрландыру жүйесін ендіру жолдары

Компьютер орталығының меңгерушісі

3

"Жаратылыстану және математика" факультетіндегі оқу, ғылым, тәрбие жұмыстарын тексеру қорытындысы және дамыту жолдары

Факультет деканы,

тексеру комиссиясы

4

Сырттай, кешкі және қашықтан оқыту бөлімінің есебі және оны жетілдіру жолдары

Бөлім басшысы

5

Әртүрлі мәселелер

Ғылыми кеңес төрағасы

6-мәжіліс

1

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу нәтижесін талдау

25 сәуір

ҒІХҚЖ проректор

2

"Өнер" факультетіндегі оқу, ғылым, тәрбие жұмыстарын тексеру қорытындысы және дамыту жолдары

Факультет деканы,

тексеру комиссиясы

3

"Дене тәрбиесі және спорт" факультетіндегі оқу, ғылым, тәрбие жұмыстарын тексеру қорытындысы және дамыту жолдары

Факультет деканы,

тексеру комиссиясы

4

Түлектер қауымдастығы және бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі

Сала бойынша жауапты тұлға

5

2018-2019 оқу жылындағы кәсіптік практиканың қорытындысы туралы

Практика жетекшісі

6

Әртүрлі мәселелер

Ғылыми кеңес төрағасы

7-мәжіліс

1

2018-2019 оқу жылының жылдық есебі

26 маусым

ОІЖ проректор

2

Бітіруші курстардың мемлекеттік емтихан тапсыруы мен диплом жұмыстарының қорытындылары, МАК төрағаларының есебін бекіту

ОӘБ

3

2019-2020 оқу жылына дайындық актісін бекіту: модульдік білім беру бағдарламалары, академиялық күнтізбе, ПОҚ орташа жылдық педагогикалық жүктемесі,т.б.

ОӘБ

4

Бухгалтерия бөлімінің 2018-2019 оқу жылына арналған есебі

Бас есепші

5

ПОҚ рейтингісі туралы

СМАМБ

6

Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы

Ғалым хатшы

7

Әртүрлі мәселелер

Ғылыми кеңес төрағасы

Ескерту: Күн тәртібіндегі материалдар (баяндама, қосымша баяндама, шешім жобасы) Ғалым хатшыға Ғылыми Кеңес мәжілісіне дейін 7 күн бұрын ұсынылады.

Ғылыми Кеңестің жұмыс регламенті:

  • баяндама – 10-20 минут;
  • мәлімет, ақпарат -7-10 минут;
  • сөзге шығу – 3-5 минут.

Ғылыми Кеңестің өткізілу уақыты: айдың 4-ші аптасы, сәрсенбі, 15:00 сағат, виртуалды кітапхана.

Ғалым хатшы, ф.ғ.к., доцент Абенова Л.У.








Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:     8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу