қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












Бөлімдер

Жастар комитеті
Кітапхана
Медициналық қызмет

Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор

Тленчиева Нұржамал Сайдалықызы
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Телефон: 8(72534) 6-15-52
E-mail: mold-nura@mail.ru

ӨМІРДЕРЕК

Тленчиева Нұржамал Сайдалықызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу елді мекенінде қызметкер отбасында дүниеге келген. Аталған елді мекендегі №14 Орджоникидзе атындағы орта мектепті 1989 жылы бітіріп, М.Әуезов атындағы Пединституттың "Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығына оқуға түседі. Оны 1993 жылы "Үздік дипломмен" аяқтайды.

Еңбек жолын 1993 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтының (кейіннен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) "Педагогика және психология" кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған. Осы жылы ғылымға бет бұрады - Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы С.Рахметованың жетекшілігімен қазақ тіліндегі әріптерге статолингвистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізеді (әдеби, публицистикалық және ғылыми стильдерден жинақталған 30 мың сөздегі дыбыстардың кездесу жиілігін анықтайды), сонымен қатар "Әліппе" оқулықтарына ғылыми талдау жүргізіп, алғашқы ғылыми мақалалары жарыққа шыға бастайды.

2000-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде педагогика және психология пәнінің аға оқытушысы, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы қызметтерін атқарады. 2003 жылы "Жыл мұғаліміне" қатысып, 1-орынды иеленеді.

2004-2006 жылдары Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің "Педагогика және орыс тілі кафедрасының" аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, Университеттің практика бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.

2006-2011 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік Университетінің Шымкент институты (кейін Академиялық инновациялық университеті) "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, факультет деканының орынбасары қызметтерін атқарады.

2006 жылы біліктілігін жетілдіріп, "Практикалық психолог" дипломын иеленеді. Сонымен қатар осы жылдары ғылыми жұмыстарына ерекше зейін қойып, 2009 жылдың

23 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Д 14.09.04 диссертациялық кеңес мәжілісінде "Сауат ашудың Әліппе кезеңін оқытудың әдістемелік негіздері" тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, нәтижесінде Педагогика ғылымдарының кандидаты (13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі)) ғылыми атағына ие болады. Қазіргі таңда диссертациялық жұмыстың нәтижесі бойынша "Атамұра" баспасының тапсырысымен "Әліппе" оқулығын жазу барысында.

2011-2013 жылдары қайта жаңғырған оңтүстіктің "қара шаңырағы" - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Психология кафедрасында "Жалпы психология", "Психология және адам дамуы" "Өзін-өзі тану", "Педагогика, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану тарихы" және "Тұлға диагностикасы" пәндерінен дәріс береді.

2014 жылдан "Сырдария" университетінің "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі, Ғылыми мектеп директоры, факультет деканы қызметтерін атқарған.

2015 жылдан "Сырдария" университетінің Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.

"Оқытудың интербелсенді әдістемесі" (Білім беру және ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығы. Алматы қ.) және "ЖОО-да психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі" (Білім сапасын талдау және біліктілікті жетілдіру институты. Алматы қ.) біліктілік кустарынан өткен. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) "Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінен сарапшының маманданымы туралы" куәлікке ие болған.

50-ден аса ғылыми-әдістемелік және ғылыми мақалалардың авторы, студенттердің ғылыми жұмыстарының жетекшісі.

1 ұл, 2 қыздың анасы.







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркестан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Tел.: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс: 8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail:sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу