қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













Ғылыми істер жөніндегі проректор "ЖОО кейінгі білім беру" бөлімі Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ЖОО дейінгі дайындық бөлімі


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі


Бакиров Ержан Амангелдыұлы
ЖОО кейінгі білім бөлімінің басшысы, экономика Ғылымдарының магистры
E-mail: erjan.001@mail.ru
Телефон: 8(72534) 61463

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне магистратура кіреді


Магистратура туралы ереже
Магистрлік диссертация туралы ереже
«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА ТҮСУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Магистратура ғылыми, мәдени, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, жоғарғы оқу орындары үшін кәсіптік дайындықты терең меңгерген мамандар мен ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындайды.

Университетте магистратура бөлімі 2006-2007 оқу жылында ашылып, лицензияға сәйкес күндізгі бөлімде 8-магистратура мамандықтары бойынша білім береді:

1. 6М010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
2. 6М010900 - Математика
3. 6М011100 - Информатика
4. 6М011200 - Химия
5. 6М011300 - Биология
6. 6М011400 - Тарих
7. 6М011700- Қазақ тілі және әдебиеті
8. 6М050600 - Экономика
9. 6M 010300 – Педагогика және психология

"Сырдария" университетінде магистратура мамандықтарын бітірген магистрлар білім беру мекемелерінде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтерде, ғылыми-зерттеу мекемелерінің және білім беруді ақпараттандыру орталықтарында, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында қызмет атқаруда. Олар бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өздерінің үлестерін қосып келеді.

Университет жоғары білікті мамандарды әзірлеуге, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, ғылым, рухани тәрбие беру, инновация және зерттеу негіздеріне ие.

Біз бүгінде еліміздің ертеңгі үкілеген үміттері – білікті маман әзірлеп жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз. Магистратураны аяқтаған түлектеріміз Қазақстан және шет елдерде докторантурада және аспирантурада білімдерін жетілдіруде.



Атап айтқанда: М. Нұрбек 6D011700-"Қазақ тілі және әдебиеті" мамандығы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінде, Д. Сапақов 6D010900-"Математика", А. Молдадосова 6D011400-"Тарих" мамандығы бойынша Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, PhD докторантурада және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де PhD докторантурада П. Абдуразова, Б. Тоқмырзаев Ресей федерациясының Омск мемлекеттік педогогикалық университетінің аспирантурасында өз білімдерін жалғастыруда.

"Сырдария" университетінде магистранттар ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша білім алады.

Оқу мерзімі 2-жыл.

Оқу түрі - күндізгі.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына университеттің доценттері мен профессорлары жетекшілік жасайды.

Университеттің "Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында" магистранттарға ғылыми жұмыстармен айналысуға толық мүмкіншілік жасалған.

Университетке екі жақты байланыстар орнатылған жоғарғы оқу орындарынан дәріс оқу үшін профессор-оқытушылар арнайы шақырылады. Магистратурадағы оқу дәрістер инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып жүргізіледі.

"Сырдария" университеті бірқатар отандық және шетелдің жоғары оқу орындарымен екі жақты байланыстар орнатқан: Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университеті, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті. С.Айни атындағы Тәжікстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Ульяновск мемлекеттік университеті, Ресей Ғылым Академиясы, Н.Н.Семенов атындағы Химиялық физика институты, Синьцзян университеті (Қытай Халық Республикасы), Синьцзян ауыл шаруашылық университеті, (Қытай Халық Республикасы), Омск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей) Yili Njrmal University (Қытай Халық Республикасы) Тәжік педагогикалық институты (Таджикстан Республикасы) және т.б.

Магистранттар осы екі жақты байланыстар орнатылған ғылыми орталықтар мен жоғарғы оқу орындарына ғылыми-зерттеу тағлымдамасына жіберіліп отырады.




«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА ТҮСУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Магистратураға құжаттарды қабылдау 01- шілдеден 31- шілде аралығында жүзеге асырылады.

Магистратураға жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгерген тұлғалар қабылданады. 

Магистратура бағыты бойынша оқу мерзімі:

  • Ғылыми және педогогикалық, оқу мерзімі  – 2 жыл.

1 кезең. Ағымдағы жылдың 31-шілдесіне дейін Қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарды өткізу.

2 кезең. Екі қабылдау емтиханын тапсыру:

  • Шетел тілі (ағылшын, неміс және француз)
  • Бейінді пән

Қабылдау емтиханы 20- тамызға дейін өткізіледі, қабылдау –  25 тамызға дейін

  1. Өтініш;
  2. Жоғары оқу орнын тәмамдағаны жөніндегі құжаттар (диплом және қосымшасы);
  3. Еңбек қызметін растайтын құжат пен кадрлар есебі жөніндегі жеке парақша (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін );
  4. 3x4 фотосурет (6 дана);
  5. 086-У пішінді медициналық анықтама;
  6. Жеке куәліктің көшірмесі;
  7. (TOEFL ITP, IELTS, DALF және т.б.) тілдік бағдарламалар тестін тапсырғаны жөніндегі сертификаттың көшірмесі.
  8. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда ).

 

"Сырдария" университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (Магистратура) – Сізге мүмкіндік береді

  • Нағыз білікті маман болуға
  • Заманауи мәселелерді шешуге
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқарушылық қызметті табысты жүзеге асыруға
  • Жоғару оқу орындарында сабақ беруге







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу