қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

2014-2015 оқу жылында университеттің студенттері
“Интерактивті мультимедиа тақтасын тиімді пайдалану” бойынша біліктілік курсы өтілді

2014 жылы қазан айынан бастап, 2015ж. сәуір айына дейін виртуалды кітапханада бітіруші студенттер үшін “Интерактивті мультимедиялық тақтаны оқыту процесінде пайдалану” біліктілікті көтеру курстары ұйымдастырылды.

Курсты тыңдаушылар контингенті 304 бітіруші студент болуына байланысты сабақтарды бес лекке бөліп оқыту жоспарланды (3 лек – 1-ші жарты жылда, 2 лек – 2-ші жарты жылда), ал 87 студент осы курсы толық бітірді (төменгі кестеде көрсетілген).

Топ

Курс бітірген студент саны

Оқу мерзімі

Лек саны (поток)

1

Хим-11

5

6.10.-18.10.

16 студент

1

2

Гео-11

4

3

Био-11

7

4

БПӘ-11

6

3.11.-15.11.

17 студент

2

5

ПжП-11

6

6

Хим-11

3

7

Био-11

2

8

Тар-11

12

24.11.- 6.12.

24 студент

3

9

ҚТ-11

8

10

ШТ-11

4

11

Инф-11 жғ

13

26.01. - 07.02.

18 студент

4

12

ЕТ-11

5

13

ШТ-13

11

18.03.-4.04.
11 студент

5

Барлығы

87

Барлық сабақтар екі компьютерлік сыныптарда басқарылды: виртуалды кітапханада және мультимедиа сыныбында аудиториялар заманауи компьютерлік техникамен, яғни, интерактивтік тақтамен, проектормен және өте жылдам Интернетпен жабдықталған.

Бұл оқу курсы университет түлектерін болашақ педагогикалық қызметке жан-жақты сапалы дайындау мақсатында өткізілуде.

Осы курста қажетті білімдерді меңгеріп, сертификат алған жас мамандар, “Сырдария” университетінің түлектері заманауи компьютерлік технологияларды емін-еркін пайдаланып, білім беру мекемелерінде белсенді түрде педагогикалық қызмет атқара алады.

Оқу курсының сабақтары 60 сағаттан тұрады: олардың 12 сағаты лекция, 36 сағаты лабараториялық және 12 сағаты студенттің өзіндік жұмыс (СӨЖ) сағаты түрінде өтіледі.

Практикалық жұмыстарда студенттер MS PowerPoint қолданбалы бағдарламасын меңгерді, ол мультимедиа презентациясы дайындауға мүмкіндік береді.

Курс жетекшісі С.А.Шпенглер cабақты өту мақсатында ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасын, күнтізбектік тақырыптық жоспарын және оқу әдістемелік құралдарын жасап, солардың негізінде сабақтар өтілді.

Интерактивті тақтада ашық сабақтар өту үшін студенттер бірнеше күндер аралығында жеке баяндамаларды MS PowerPoint қолданбалы бағдарламасында дайындады. Баяндамаларды қорғау кезінде басқа мамандықтардың студенттері және оқытушылары қатысып қосымша сұрақтар қойылды.

Студенттерге баяндамаларды дайындау үшін оң жыл аралығында өнделген 250 электронды оқулықтар көмекке берілді. Бұл оқулықтардан студенттер өздеріне керекті лекция мәтіндерін, сурет-галереядан суреттер мен бейнелеулерді, аудио және бейне-файлдар қолданды. Сонымен қатар, оқу барысында студенттер керекті мәліметтер тауып алу мүмкіндік беретін Интернет желісі қорын белсенді пайдаланды. Баяндамалар MS PowerPoint 2003/2007 бағдарламамен жасалған, әр баяндамада мультимедиа элементтерінен құралған: мәтін, суреттер, фото, видео және дыбыстар.

Оқу курсы аяқталғанда студенттерге екі апта бойы алған білімдерін растайтын сертификаттар берілді.

Оқу барысында жақсы нәтіжеге қол жеткізген студенттерге куәлік берілді.



Интерактивті мультимедия тақтаны оқыту процесінде пайдалану (2009-2014)

электронды каталогі    басқа оқулықтар    www.ko-sirdariya.kz
Фотогалерея, 5000 сурет университетінін электронды кітапханасы, 7000 кітаптар Платон жуйесі
free counters