қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English











Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелері жөніндегі проректор Жастар комитеті Кітапхана Медициналық қызмет


Кітапхана бөлімі

Кітапхана жұмысының барысы, қазіргі жағдайы: қоры, ақпараттық ресурстары туралы

Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің кең ордасы.

ХХІ ғасыр руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры екені әлемдегі адамзатқа белгілі және оны мойындауда. Заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, кітапхана бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Ақпарат көздерін, әмбебап құжаттардың толық жинағын, оқырмандарға әлемдік, ұлттық мәдени, рухани құндылықтарды насихаттау университет кітапханасының басты мақсаты болып табылады.

Университет кітапханасының негізгі басым бағыттары: оқырмандардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру; біріңғай ақпараттық кеңістік жасау; пайдаланушылардың ақпаратқа, білімге, мәдениетке еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кітапханалық қызметті ұйымдастыру; пайдаланушылардың ғаламдық ақпараттық желіге қол жеткізуіне мүмкіндік беру.

Кітапхана міндеттері: кітапхана жұмысының дәстүрлі, сондай-ақ инновациялық әдістері мен формаларын қолдана отырып, анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; кітапхана қорын толықтыру және сақтауды қамтамасыз ету; оқырмандардың сұранысын тұрақты зерттеу; кітапхананың материалды-техникалық базасын нығайту.

Кітапханада қазір кезде 8 қызметкер жұмыс жасайды:
1. Раеева Гульсим Аскаровна - меңгерушісі
2. Батырханова Светлана Батырхановна - кітапханашы
3. Агубаева Гульшат Кенжегуловна- кітапханашы
4. Жумабаева Айнур Базарбаевна - кітапханашы
5. Сапарбаев Талғат Куатбекович - оператор
6. Достыбекова Оразкул Дурмахановна - кітапханашы
7. Достаева Сауле Биболовна- кітапханашы
8. Ералиева Айжамал - кітапханашы

«Сырдария» университетінің жалпы кітап қоры 335900 дана кітапты құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 277 225 дана.
Кітапхана қоры ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, көркем және өзге де басылымдардан құралған. Оның пайыздық көрсеткіші: оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер – 60,8 %, ғылыми әдебиеттер – 16,4 %, өзге де басылымдар – 9,7 %. Университеттің кітапхана қоры жыл сайын жаңарып отырады.
Жыл сайын елу бес атау бойынша мерзімді басылымдарға (газеттер, журналдар) жазылу жүргізіледі.





Университетте заманауи кітапхананы құру үшін кітапхана-библиографиялық үрдістерді ТОО «Kazakh soft» компаниясы өңдеген «Кабис» (Қазақ автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі) лицензияланған бағдарламасы кітапханаға сатып алынып енгізілген.

«КАБИС» бағдарламасы бойынша электронды каталог мәліметтер базасында библиографиялық жазбалар енгізілуде. Электронды каталог – кітапхана жұмысының маңызды бір бөлігі. Электронды каталогтың мәліметтер базасына құжаттардың библиографиялық сипаттамасы енгізіледі. Кітапхананың анықтама-библиографиялық аппараты электронды каталог, алфавиттік каталог, жүйелік каталог, анықтама-библиографиялық қордан (энциклопедия, сөздік, анықтамалар) тұрады.

Оқу залдары мен абонемент оқырмандарға ақпараттық, кітапханалық және библиографиялық қызмет көрсетеді. Электронды құжаттар – бүгінгі күні ақпараттық ресурстардың ажырамас бөлігі. Электронды оқу залы Интернет желісіне қосылып, ақпараттық мәліметтермен, электронды оқулықтармен қамтамасыз етеді.

Оқырмандардың негізгі басым бөлігін 74 % студенттер құрайды, 15 % оқытушылар, 10 % қызметкерлер.
Кітапхананың аса маңызды жұмыстарының бірі – көпшілік-тәрбие жұмыстары. Конференциялар, семинарлар, атаулы күндерге арналған тақырыптық және ашық кітап көрмелері ұйымдастырылады; өзекті мәселелер бойынша тақырыптық папкалар жасалады, кітапхананы пайдалану ережелері туралы бірінші курс студенттері арасында әңгімелер ұйымдастырылады.

Кітапханада жеті қызметкер оқырмандарға қызмет көрсетеді, барлығы жоғары білімді қызметкерлер. Кітапхана қызметкерлері мынандай бағыттар бойынша жұмыс атқарады: қорды қалыптастыру және жаңғырту; анықтама-библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру; оқырмандарға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету; кітапхана-библиографиялық үрдістерін автоматтандыру; кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Электронды кітапхана




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу